Рухани –жаңғыру аясында ескерткіш жанындағы кездесу жобасы бойынша «Ғажайып әлемі» балалардың күндізгі бейінді лагері жұмыс жасадық.
Осы жоба бойынша оқушыларымыз Павлодар қаласының Бұқар –Жырау атындағы мұражайына бардық.
Мақсаты:мәдени мұраларымыздың тарихымен танысу, жас ұрпақтың бойына атадан қалған мұраларымыздың аманат болып қалуы, елдің тарихын білуі.
Оқушылар мұражай ішін аралап, көп мәліметтер алды. Бұқар атамыздың өмірімен тереңірек танысып, шығармаларын білді. Мұражайдың алты бөлімінің ішіндегі жерлес-ақын жазушыларымыздың, ғалымдардың еңбектерімен танысып, олардың ұстаған заттарын көріп, тамашалады.
Мұражайдың ашылу тарихы жөнінде де қызықты мәліметтер алды: мұражайдың ашылу салтанаты- 1990 жылы қаланып, 1992 жылы, 22 наурызда ашылды, қазіргі уақытта 47 мыңнан астам экспонаттар бар, оның ішінде 13071 жуығы тұпнұсқа болып есептеледі екен
Мұражай қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мұнда, әсіресе, жерлес- ақын- жазушылар: М.Ж.Көпеев, Ж.Аймауытов, М.Шамсутдинова, Ж.Шанин, Ш.Айманов , И.Байзаков сынды бірегей дарын иелеріне тиесілі әдеби материалдар, қолжазбалары мен жеке заттары мұражайдың баға жетпес құнды қазыналары.
Мұражай қызметкері Бұқар-Жырау атындағы мұражай бойынша толық мағлұмат берді. Олардың арқасында, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде М.Саматов, Ж.Аймауытов , К.Кеменгеров сияқты қуғын –сүргінге ұшыраған ақын- жазушылардың өмірлерінен соңғы деректер, бағалы құжаттар табылғанын айтты, қызметкерлердің ұйымдастыруымен 500-ден астам тарихи танымдық шара өткізілген. Оны 30 мың астам адам тамашалап, тарихи жәдігерлер туралы мол ақпарат алған. Осыған орай, музей басшысымен қызметкерлерінің атқарып отырған еңбектерінің зор екендігіне көзіміз жетті.
Оқушылардың алған әсерлері қызықты да, маңызды болды. Қорыта келе, осындай тарихи орындарымыздың болашағының зор болуына әрбіріміз ат салысып отырсақ нұр үстіне нұр болады.Өзіміздің ата- бабаларымыздан қалған мұраларымызды сақтап ұрпақтан- ұрпаққа мирас ету әрбіріміздің міндетіміз, барымызды өшірмей жаңғырта берейік. Осындай орындар жасұрпаққа тарихымыздың тереңіне үңіліп, ата- бабаларымыздың тарихын білу қажет.
(Мұсабекова Г.А., Смағұлова К.С.)
Ескерткіш жанындағы кездесу