Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ӘКЕ – тірек, БАЛА - тіліек!» атты IX әкелер конференциясы
13-12-2018 11:51
«ӘКЕ – тірек, БАЛА - тіліек!» атты IX әкелер конференциясы

12 желтоқсан 2018 жылы №24 ЖОМ –де «ӘКЕ – тірек, БАЛА - тіліек!» атты IX әкелер конференциясы қазақ сыныптың ұстаздарының ұжымымен өткізілді. Бұл біздің мектебімізде 16 желтоқсан мерекесінің қарсаңында дәстүрге айналған іс-шаралардың бірі. Бұл конференцияның мақсаты, әрбір әкенің өмірдегі өз орындарының барын түсіндіру, аяулы да ардақты әкелерге, керемет көңіл-күй сыйлау. Отбасындағы әкенің ролін көрсету. Іс-шараға жылдан жылға әкелер үлкен жауапкершілікпен қатысып, олардың мәртебелері көтеріліп, әрбір оқушы менің әкем керемет деп мақтанады. Қазақстанның 27 жылдық мерекесімен құттықтау, әкелердің өз балаларына деген патриоттық сезімін қалыптастырып үйрету. Мектеп директоры Рахимгожина Н.Ш. Тәуелсіздігіміздің қарсаңында әкелерге өз алғысын айтып, оларды Алғыс хатпен марапаттады. 2018 жылдың қорытындысы шығарылып «ӘКЕ - 2018» номинациясы екі ұл тәрбиелеп отырған Бектұрсынов Қайрат Сабитовичке табыс етілді. Әкелердің аялы алақандарымен, жылы жүректерімен тербеткен әрбір азаматтары текті, намысты ұрпақ болады екеніне толық сенеміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Әр отбасындағы әкелеріміздің орны төрде болсын.

Асқар таудай әкелеріміз аман болсын.

Оқу ісінің менгерушісі Казимова А.Ш.