Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
8(7182)-60-42-89
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұлы даланың 7 қыры» атты викторина
14-12-2018 21:41
«Ұлы даланың 7 қыры» атты викторина

Бүгін, 14.12.2018 жылы №24 ЖО мектебінде оқыту орыс тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ –де «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 7-сыныптар арсында «Ұлы даланың 7 қыры» атты викторина өткізілді.
Қазыбаева Ү.Ж.,Смағұлова К.С. мемлекет басшысының 2018жылы 21 қараша күні жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы екенін және қазақ халқының тереңнен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктеріне , әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылғанына тоқталды.
Оқушылар Ұлы даланың жеті қырымен танысып, әр факторға жеке тоқталып, өз білгендерін постерге салып,топта талқылап,өз ойларын ортаға салып, викторина сұрақтарына жауап берді.
Белсенділік танытқан оқушылар: 7 В сынып –Москалец Г., Утюпов Ф., Плевако К, 7 Е сынып – Кенжекей А., Братмайер И., Хохлова Р
7 Д- сынып-Ибрай Т., Сахарова А.,Сатышев А..