ПЛАСТИК ҚАҚПАҚТАРЫН ЖИНАУ БОЙЫНША
№24 ЖОМ ММ пластик қақпақтарын жинау бойынша акцияға оқушылармен бірге олардың ата-аналары да белсенді қатысады. Олардың бірі Амангельдинова Дина Болтабаевна. Оның екі баласы біздің мектептің оқушылары: қызы Алуа 2 «А» сынып оқушысы және ұлы Әмірхан 3 «А» сынып оқушысы. Ана өзінің туған-туыстарына акцияның маңыздылығын айтып, енді олар да жинап, оған әкеледі. Аталмыш отбасы қысқа уақыттың ішінде 7000-нан астам қақпақ жинады. Аталған акциясы белсенділік танытқаныңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз!!!