Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Менің елім бәріне ортақ" атты іс-шара
26-04-2019 18:58

Бүгін 4 "А" сынып оқушыларымен бірге №10 балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының бірлігі күніне орай "Менің елім бәріне ортақ" атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Қазақстандағы Корей халқының Ассоциациясының төрайымы Афанасьева Райса Самсоновна қатысып, балаларға танымдық көптеген қызықты жайттарды айтты, корей халқының салт-дәстүріндегі, тағамындағы ерекшеліктерін айтып, оқушыларды баурап алды. Балалар мың бұралған корей халқының биін көріп тамашалады. Кітапхана меңгерушілері әр түрлі халықтың ойындарын ойнатты. Елімізде барлық халық дос, бірлікте, татулықта болу керек екені айтылды. Ең соңында "Әркашан күн сөнбесін!" әнімен аяқтадық. №10 кітапхана ұжымына алғыс айтамыз!