ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
![ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!](/media/img/blogs/5dc23b5aa9630.png)
2019 жылғы 5 қарашада Павлодар қ. №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің базасында биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Мақсаты – балалардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиадаға Павлодар қ. мектептерінің 85 7-8 сынып оқушысы қатысты. Екі кезеңнің нәтижелелері бойынша мектебіміздің оқушысы Ананьев Илья III орын иеленді. Жетекшісі биология мұғалімі Алибекова Жанар Муратовна. Құттықтаймыз!