Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пайымдауды үйренеміз
17-09-2014 06:26
Пайымдауды үйренеміз

География сабағында оқушылардың алдына қойған міндеттерімнің бірі – өз көзқарасын ашық білдіру және дәлелдеу.  Сондықтан білім бақылаудың және тексерудің аса тиімді әдіс ретінде оқушыларға эссе жазуды ұсынамын. «Эссе» француз тіліне аударғанда «әрекет ету», «сынап көру», «очерк» дегенді білдіреді. Бұл нақты мәселесі бойынша өзінің жеке көзқарасын, алған әсерін білдіретін шағын көлеміндегі талқылау-шығарма.

Мысалы, 11 сыныпта «Азия елдері» тақырыбы бойынша мынадай сұрақ қойдым. «Сендердің ойларыңша, Азияның саяси картасы болашақта қалай өзгеруі мүмкін?» Үлгі ретінде он бірінші сынып оқушыларымның жазған эсседен үзінді келтіріп отырмын.

«... Азия елдерінің қазіргі даму тенденциясын сақтап қалу жағдайда, келешекте аймағымыздың өзгерісі бірнеше кезеңдермен анықталады. Негізгі рөл атқаратындар Қытай, содан кейін Жапония. Аравия түбек елдері туралы ұмытпау қажет...»   

                                                                                                       Тимур С

«... Азиядағы түрлі этникалық, дін құрамдарына байланысты болашақта Азияда жан-жал шығуы мүмкін. Менің ойымша, өз экономикасын дамыту үшін шикі зат базасы жеткілікті елдер ғана  басымды болады. Саяси деңгейдегі мәселелер бейбітшілік жолмен шешіледі деп ойлаймын. Өйткені кез келген әскери іс-әрекеттер мемлекет пен оның азаматтарына шығын келтіреді...»

                                                                                                    Настя Ф.,

«...Жүздеген жылдардан соң Азияның саяси картасы өзгеретініне күмәнім жоқ. Әсіресе, өнім шығару, экспорт бойынша көшбасшы елдер. Кез келген конфликт өзгеріс әкеледі...» 

                                                                                                            Жасқанат Т.,

«...Азия елдерінің мәселелері бейбітшілік жолмен шешілсе, онда бүкіл елдеріміз сақталады деп сенемін. Бүгінгі таңда аймақ елдерінің өзара қарым-қатынасы елдер арасында ұстанымның нығайтылып жатқанын көрсетеді. Азияның саяси картасындағы барлық өзгерістер оң бетбағыт алады деп ойлаймын...»     

                                                                                                                   Владислав И.

География сабақтарында сәйкес тақырып бойынша мысалдар, цитата сөздер мен қажетті дәлелдер қолдана отырып, эссе жазу географиялық терминдерді еркін меңгеруге, оқу материалдарын терең ашуға, өз ойларын дұрыс жеткізуге көмектеседі. 

 

География мұғалімі: Л.С.Терейковская