Ақпанның 25-інен наурыздың 20-на дейін мектепте «Балаларға кітап сыйла!», «Сәбиге ойыншық сыйла!», «Жылы аяқ!», «Тәтті ұйқы!», «Қуанышты кәрілік!» атты қайырымдылық акциялар өткізілді. «Игілік сандықшасына» ойыншықтар мен кітаптар, дәптерлер мен альбомдар, фломастерлер, пластилин және тағы да басқа балаларды қуанта алатын керекті нәрселер жиналды.
Сәуірдің 1-і күні жиналғанның барлығы, өздерінің жаңа әке-шешелерін күтіп отырған, тәрбиеленіп жүрген 70 балдырғанға Облыстық бала үіне бағытталды. Ата-ананың күтімінен айырылған балдырғандар үшін әжелер неше түрлі шұлықтар тоқып, өздерінің ішкі жылылықтарын білдіре алды. Ал балалар болса үлкен адамдар мен мүгедек кісілерге өз назарларын тәтті тағамдар мен жылы сөздерімен білдірді! Әрине біз олар үшін шынайы жанұя бола алмаймыз, бірақ әрқайсымыз кішкене болса да жылылық, камқорлықпен қайырымдалық білдіре аламыз.