5 қазан мектепте ерекше күн болды. Мектепте мұғалімдер күні өзін-өзі басқару күнімен өтті. Осы күнге бүкіл мектеп асыға дайындалды. Осы мерекеге мұғалімдер, 10-11 сынып оқушылары ат салысты. Олар 5-10 сыныптарда өткізетін сабақтың жұмыс жоспарын, конспектісін, сынып сағаттарын құрды. Олар ең бірінші рет өздерің мұғалім, сынып жетекші ретінде сезінді. Міне осы сәтте келіп жетті. Жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің және мектеп әкімшілігінің еңбектері қалай қиындықпен жетіске жететіндерін өздері сезінді. Мұғалімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының дайындық арқасында сабақтар тек қана «күшті» және «жақсы» өтті. Өзін өзі басқару кезінде директор-оқушы Калиев Адильжан және завуч-оқушылар Калинкин Влад, Копеева Арман, Маркова Карина, Панфилова Мария басқарды. Мектепте ынтымақтастықпен сенімділік артты. Өзін өзі басқару күні – бұл тек қана оқушылардың ойыны ғана емес, сонымен қатар мектепте жұмыс істейтін мұғалімдермен жұмыс керлердің мейрамы. Сондықтан мектеп оқушылары бұл күнді көңілді, жақсы ой қалдыратындай тырысты. Таңсәріден бастап Мұғалімдер күнімен құттықтаулар айтылды. Бұл керемет күннің аяқталуы 11 А және 11 Б сынып жетекшілері Хасенова Гульнар Каиржановна және Шалова Раушангуль Кабдулловнаның арқасында тамаша мерекелік концерт өтті. Мұғалімдер және мектеп әкімшілігі осындай кәсіби мереке кезінде оқушылардың көңіл аударғандарына алғыс айтты. Бұл күн бізге тек қана тамаша ұстаздар ғана емес, сонымен қатар тамаша оқушыларымыз бар екен. Маңыздысы, неткен керемет дарындылар!!!
Мектепте Мұғалімдер күні өзін-өзі басқару күнімен өтті.