17 қаңтар күні мектебіміздің 6 сынып оқушылары Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының базасында өткен «Мұражайдан мұражайға» атты квест-саяхатқа қатысты. Бұл іс-шара «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне орай өткізілді. Квест-экскурсияға Павлодар қаласының Бұхар жырау атындағы, Д.П. Багаев атындағы мұражай, Павлодар қаласының көркем сурет мұражайының өкілдері қатысып, мұражай туралы мәлімет айтып оқушыларды құызықты жобаға қатысуларына үгіттеді.