12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай мектебімізде 2 сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізілді. Осыған орай 2 «б» және 2 «д» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері мерекелік концерт дайындап көрсетті. 3 «д» және 3 «г» сынып оқушылары параллель бойынша оқитын оқушыларға Тәуелсіз Егеменді Қазақстан елін дәріптейтін шығармашылық кеш ұйымдастырды.