9 желтоқсан күні «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн ауқымында мектебіміздің барлық сыныптарында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді. 10-11 сынып оқушылары үшін тарих пәнінің мұғалімі, Б.Д.Сапанов, еліміздің тарихи қалыптасуы туралы негізгі мәліметтер айтып берді. Мектептің кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.