Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай мектебімізде «25 игі іс» акциясы өткізіліп жатыр. Аталмыш акцияға мектебімізідің барлық оқушылары мен мұғалімдері ат салысты. Оқушылар «Құстарға қамқорлық жасайық!» шарасын ұйымдастырып, жем астауларды өз қолдарымен жасап, мектеп ауласында өсіп жатқан ағаштарға іліп қойды. Енді мектеп ауласы құстарға толып, әсем сазды әуендерімен адамдардың көңіл-күйлерін көтеріп жүр. Жоғарғы сынып оқушылары өз кезегінде келесі мейірімділік ітерін орындады: кішілерге қамқорлық жасау мақсатында, балалар үйіне, балабақшалар мен интернаттарға барып, сыйлықтар сыйлады; бастауыш сынып оқушыларына арналған ҚР Тәуелсіздгінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде тематикалық сынып сағаттарын өткізді. Мектепте тек қана бұл акциядан басқа акциялар өткізіліп жатқанын атап өту керек. Осы ретте біздің мұғалімдердің белсенділігі мен жаңашыл ойлары арқасында, өскелең жас ұрпақтың бойына білім ғана емес адамгершілік қасиеттер де сіңіп жатыр.