Менің Отаным – Қазақстан 2016 жылдың 21-25 қараша аралығында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы базасында "Менің отаным - Қазақстан" атты мектеп оқушылары арасындағы
ХVІ аудандық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оқушылардың жұмыстарында практикалық тұрғыдан туған өлкенің экологиялық мәселелерін шешу, өткізген бақылауларды қорытыныдылау, Потанин атындағы музейдің жұмысын саралау сияқты тақырыптар қарастырылды. Конференция қорытындылары бойынша «Музей – тарих бесігі» секциясында 9 «б» сынып оқушылары Шамгунова алина мен Прахт Марияның «Краеведческий музей им.Потанина» тақырыбындағы жұмыстары ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ал 10 «а» сынып оқушысы Зимина Дарьяның, 8 «в» сынып оқушысы Мозговая Марина, Стулова Алисаның, 2 «д» сынып оқушысы Ляпунова Верониканың жұмыстары конференция номинацияларында аталып өтті.