28 қараша күні Павлодар қаласының әкімдігінде «Менің Президентім» атты қалалық үздік эссе конкурсының жеңімпазадарын марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш конкурс мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Күніне орай өткізілді. Марапаттау рәсімін Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов өткізді. Бұл конкурсқа мектебіміздің 7 «б» сынып оқушысы Капустянская Арина да қатысып, жазған шығармасы үздіктерді қатарында орын алды. Арина әкім қолынан диплом мен қанатты барс мүсіншесін қабылдады. Арина үшін биылғы оқу жылы табысты өтуде. Алдымен облыстық «Зерде» конкурсында өзінің «В гостях у сказки или учим правила по-новому» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, іріктеуден өтті, одан кейін радио толқынындасұхбат беріп, «Менің Президентім» қалалық эссе конкурсының жеңімпазы атанды. Аринаға алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!