Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Бұл ретте мейірімді ұрпақты тәрбиелеу мектептің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Мектеп – бала өмірінде ерекше рөл атқаратын орын. Бұл жерде мұғалім тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар баланың рухани дүниесін байытуға тырысады. Осы мақсатта және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай мектепте «25 игі іс» акциясы өткізілуде. Акция ауқымында 2 «д» сынып оқушылары мен ата-аналары сынып жетекшінің бастауымен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін кеңсе тауарларын жинастырды. Жиналған барлық заттар жағдайы нашар отбасыдан шыққан мектеп оқушыларына таратылды. Балалар бұл сыйлықтар үшін қуанып, өздерінің рахметтерін айтты.