Бастауыш мектеп апталығы шеңберінде 3 «е» және 3 «з» сыныптары арасында «Ақылдылар» конкурсы өткізілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін және стандартты емес тапсырмаларды талдау мен орындау қабілеттерін дамыту болып табылады. Конкурсқа қатысушы командалар сайысқа белсенділік танытып, күрделі деңгейлі тапсырмаларды орындап шықты. Қорытынды бөлімде командаларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шарадан кейін, оқушылар келесі интеллектуалды жарысты тағатсызданып күтуде.