Қашықтық олимпиаданың негізгі мақсаты – қатысушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиадаға дайындық деңгейі түрлі оқушылар қатыса алады. Бірақ олимпиада кезінде тек қана пән бойынша біліміңді көрсету аз, бұл ретте оқушы өзінің даралығын, бірегейлілігін және өзгешелігін көрсете білуі керек. Қазқстандық қашықтық Интернет олимпиадасының қорытындылары бойынша, мектебіміздің 8 сынып оқушысы, Мозговая Марина, І дәрежелі дипломмен, ал 6 сынып оқушысы, Крачковская Анастасия, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ағылшын тілі пәнінен КИО-ға мектептен 21 оқушы қатысып, 7-уі екінші кезең тапсырмаларын қиыншылықсыз орындап шықты. Оқушылардың көрсеткен жетістіктері үшін ағылшын тілінің мұғалімі, Смаилова Жанат Капсаттарқызына алғысымызды білдіреміз!