Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығын, алатын орнын айқындау, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі дұрыс қолдануға ой салу мақсатында мектеп ата-аналармен үздіксіз жұмыс жасауда. 15 және 17 қараша күні мектепте бүкіл сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: - бірінші тоқсан қорытындылары; - мектепте ұялы телефондар мен смартфондарды пайдалану туралы ақпарат беру және сауалнама жүргізу; - Жаңа жылды өткізу туралы мәселені қарастыру; -
Ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты мектептегі сабақтың өткізілмеу параметрлері жайлы ақпарат беру.