Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Павлодар қаласының Төтенше жағдай департаментінің ұйымдастыруымен, өрт жағдайларының алдын-алуына арналған акция өткізілді. Төтенше жағдай департаменті мен трамвай басқармасы бірігіп, өртке қарсы ережелер туралы ақпарат беретін трамвай жолға шықты. Осы акцияға мектебіміздің 3«з» сынып оқушылары қатысты. Балалар бұл трамвайда өрттің алдын-алуы мен болдырмау тақырыбында өнер көрсетті. Оқушылар тақырыпқа сай тақпақтар айтып, агитациялық бағдарламаларын көрсетті.