Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен шектелмей, олардың оқуға деген мотивациясын ояту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізіледі. Осыған орай біздің мектепте де оқушыларға арналған пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындылары 14 қараша күні мектептің мәжіліс залында жарияланып, жеңімпаздарға мадақтамалар табысталды. «Үздік нәтижелі сынып» номинациясында 5в, 6в және 9б сыныптары ерекшеленді.