Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 5 «в» сынып оқушылары «25 игі іс» акциясы шеңберінде, туған жердің өлкетану тарихын зерттеуді жалғастыруда. Осы жолы бүкіл сынып болып Д.П.Багаев атындағы мұражайға саяхаттады. Оқушылар музейдегі үш бөлме-залдарында оранласқан экспозициялардытамашалап, 20 ғасыр басындағы қазақ халқының этнографиясы, Павлодар қаласының тарихи дамуы, павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұрмысы жайлы ақпарат беретін фотосуреттерді қарастырды. Бұл саяхат оқушылар үшін танымды және пайдалы өтті.