«25 игі іс» акция ауқымында 9 «б» сынып оқушылар «Самал» сауықтыру орталығында ем алып жатқандарға арналған іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбында конкурстар мен викториналар өткізді. Іс-шара соңында ем алушы балалар оқушыларға өздерінің жылы лебіздері мен рахметтерін айтты.