Күзгі демалыстың үшінші күні «Спорт пен денсаулық күні» деп аталды. Мектепте оқушылар арасында шахмат жарысы және 3-4 сыныптарға арналған пионербол ойыны өткізілді. 8а сынып оқушылары мен сынып жетекшілері «Батырмол» сауда ойын орталығында орналасқан кинотеатрға фильм көру мақсатында барды. «Достық үйіндегі» мұражайға экскурссиямен 6в сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Павлодар қаласының №2 музыкалық мектебінде өткен шығармашылық фестивальде мектебімізден «Надежда» би-ансамблі мен 6е сынып оқушысы Майлюбаева Дильназ өнер көрсетті. ББУҚО орталығында «Заң» құқықтық мектебінің профилді аусым жұмысына 6г сынып оқушылары белсене қатысты.