Мектеп әдістеме жұмысының аясында 31 қазан күні «Мектептің жаңғырту контекстінде заманауи ұстаз» атты педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты – мектеп жаңғырту контекстінде білім беру процессіндегі заманауи мұғалімнің ролі мен орнын түсіну, заманауи мектептегі ұзтаз тұлғаны қалыптастыру негізгі идеяларын сипаттамасын, әдістеме материалдарын сараптау. Жұмыс барысында мұғалімдер тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады: мұғалім миссиясы, заманауи мұғалімге деген талаптар, мұғалімнің компетенциялық көрсеткіштері, мұғалімнің психологиялық портреті, заманауи ұстаздың өзгерген қызметтері. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Менің түсінігімдегі заманауи ұстаз» тақырыбына шығармалар өткізді. Мектеп психологы мектеп коллективын ата-аналар мен оқушылар арасында өткізген сауалнама қорытындысымен таныстырды. Педагогикалық кеңес жұмысының қортындысы заманауи ұстаз модулі анықталды.