Демалыстың екінші күні «Отбасы күні» тақырыбында болды. Ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ата-аналарын қатыстырумен өткізілді. 3 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін «Ана, әке, мен – спорттық отбасы» атты жарыс өтті. ББУҚО базасында «Сән» денсаулық мектебінің бастауымен «Спорттық қозғалысқа құрмет білдіреміз!» шарасына мектебіміздің 6 сынып оқушылары мен дене тәрбиесі мұғалімі қатысты. 5а және 5б сынып оқушылары және ата-аналары үшін сынып жетекшілері «Черноярская жемчужина» демалыс орнына саяхат ұйымдастырды.