«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсының «Тиімді тәжірибе» кезеңінде тәлім алушы Қабылдина Қ.Қ. жұмыс жасалып, оның сабақтарына жеті модульді енгізу жоспарланған болатын. Жас маманға қолдау әдістемелік қолдау көрсетілді. Ол 3 «Д»сыныбында қазақ тілі пәнінен «Атам мен әжем» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабағы ойдағыдай өтті, мұғалім мақсатына жетті. Алда осы бағытта жұмыс жасауына тілектеспіз.