Біздің мектепте жоспарға сай Алғашқы Президент күні аталып жатыр. 1-4 бастауыш сыныптар арасында «Елбасы-тірегім, Астана-жүрегім» атты мерекелік іс-шара өтті. Сынып жетекшілері 1-11 сыныптар арасында «Алғашқы Президент күні» атты сынып сағатын өткізді. Оқушылар Президент өміріне шолу жасап, видеофильм көрді. Мерекеге қарсы музыка мұғалімі Тасимова Ә.Қ. ашық сабақ өткізді. Тарих мұғалімі Сапанов Б.Д. 5-6-сыныптарға арнап дәріс оқыды, викториналық сұрақтар дайындады. 1-сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өтті. Мектеп кітапханасында «Алғашқы Президент күні» атты кітап көрмесі өтті, оқушылармен әңгіме-сұхбат жүргізілді.