Біздің мектепте жоспар бойынша «Қазақ хандығына 550 жыл» атты мерекелік іс-шара өтті. Жүсіпбек Аймауытов қазақ драма театрының әртістерімен бірге «Отырар сазы» спектаклі қойылды. Оқушыларға тарихқа шолу жасалып, хандар жайлы баяндалды. Іс-шараға 5А, 7А, 4А, 8А, 6А, 8Б сыныптары ат салысып, белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар сол тарихқа бой алғандай болды! Мектеп кітапханашысы О.П. Букина 6-сыныптарға арнап «Қазақ хандығының 550-жылдығына» арнап көрме өткізді. Көрмеге жаңа басылып шыққан кітаптарды тарту етті.