«Super Ұлдар»
5 маусым күні Қалалық саябақта «Super Ұлдар» жазғы жобасының 1-кезеңі өтті. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту. Мектебіміздің 3 сынып оқушылары бұл кезеңге белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілетерін және сахна шеберлігін көрсете білді.