Балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын қамту мақсатында 4в және 4ж сынып оқушылары үшін Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды. Балалар бұл саяхат кезінде қасиетті Түркістан қаласының тариымен танысып, қызықты ақпарат алды.
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл.ҚасиеттіТүркістан – тарихижәнетуристікқала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. БүгінгіТүркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.
Түркістан қаласына саяхат