Денсаулық күнін атап өту мақсатында 2018 жылғы 8 - қыркүйекте мектепте "Дені сау сандарға қолжеткіз" деген ұрамен "Денсаулық фестивалі 2018" атты спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға 4-10 сынып оқушылары қатысты.
Спорт мерекесінің негізгі бөлімінде спорттық ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын көрсете алу үшін командаларға секіріп жүру, жүгіру, эстафета, доппен және шеңбермен өткізілетін эстафеталар сынды қызықты жарыстар ұсынылды.
"Көңілді старттың" барлық кезеңдері қызу күреспен өтті. Жанкүйерлер өз командалары үшін алаңдады. Балалардың өз командаларының спорттық жеңіске жетуін қалаған жалын ниеттері бойларын билегені сонша, олар айналасында не болып жатқанын байқамады. Барлығы бірінші болып финишке жетуге тырысып, бар күштерін сарп етті. Жарыстың қорытындысы бойынша барлық жеңіске жеткен командалар марапатталды.
"Денсаулық фестивалі "- 2018