"Ішек аурулары" сынып сағаты

Біздің мектепте "Ішек аурулары" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың назарын денсаулықты сақтау мәселесіне аудару, адам үшін дұрыс тамақтанудың мәнін көрсету. Пайдалы азық-түлік өнімдерін өздігімен таңдауға дағдыландыру, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, болашақта өздігімен өмір сүруге дайындау.