Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша 2018 жылғы 14 қараша күні сағат 11.00-де № 29 ЖОББ мектебінде жалпыхалықтық диктант (бұдан әрі – Диктант) өткізілді. Мақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.
Шарты: Диктантқа 15 жастан жоғары барлық азаматтар қатыса алады (1- ауысымда оқитын 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары).
Диктант арнайы әзірленген парақта жазылады (мөр қойылған парақтар).
Диктант мәтінінің электронды аудио жазбасы қосымша жолданады