«Жас Ұлан»
2018 жылдың 14 желтоқсанында № 29 ЖОМ ММ бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау өтті. "Жас Ұлан" Республикалық қоғамдық бірлестігі — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасы оқушыларының жаппай қоғамдық ұйымы. "Жас Ұлан" өз қызметін еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде жүзеге асырады. "Жас Ұлан" -өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, демократизм және өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. "Жас Ұлан" қатарына 5 сыныптың 54 үздік оқушылары қабылданды.