ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ҚАЛАЛЫҚ ЮНИОРЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
2019 жылғы 27 қыркүйекте Павлодар қаласы №11 жалпы орта мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша ІІ юниорлық олимпиада өткізілді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Олимпиада тапсырмалары күрделігіне қарай әр түрлі болды, олар географиялық ашылымдар мен саяхаттар тарихы, геоморфология, география, климат, тарихи-өлкетану материалдарын пайдалану және картамен жұмыс жасау қабілеттерін терең білуді талап етті.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 8в сынып оқушысы Кузнецова Анастасия ІІ дәределі дипломды иеленді. Құттықтаймыз!
Олимпиаданың облыстық кезеңі ағымдағы жылдың 15 қараша күні өтеді. Сол кезеңде Анастасияға жеңіске жетуді тілейміз!