«Тәуелсіздіктің жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында бүгін "Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 ЖОББМ" КММ-де "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Қонақтар ретінде мектепке "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті" ММ-нің ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Өмірбаева Райхан Ақылбекқызы және жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы Акимханова Алтынай Халелқызы келді.