22 желтоқсан күні "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығының лауреаттары атанған Павлодар облысының оқушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында өңіріміздің дарынды да талапты оқушыларына арналған 50 АЕК көлемінде "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығы тағайындалды.
Сыйлыққа үміткерлер-облыстық, республикалық және Халықаралық зияткерлік конкурстардың, соңғы үш жылдағы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өңіраралық және облыстық олимпиадалардың, кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері, республикалық және халықаралық спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары болды.
Байқау 5 номинация бойынша өтті: "ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі", "Кәсіби шеберлік" (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін), "шығармашылық шеберлік", "спорттық шеберлік", "әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет".
Сыйлық лауреаттары "Павлодар қ. инновациялық үлгідегі №34 ЖОББМ" КММ-нің оқушылары: Андроник Яна, (9 "Г"), Бехтина Ангелина және Колодин Максим (10 "Б") болды. Құттықтаймыз!!!!
Тәуелсіздік ұланы