Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 978
а) "за" - 506
Всего проголосовало: 1484
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Аламан бәйге" сайысы
17-03-2023 21:02

«Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми-техникалық бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында үштілді білім беруді дамыту мен таратудың концептуалдық негізі» жобасы аясында “Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ”  - де "Жол картасы" жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған 2023 жылғы наурыз айының 17 жұлдызы күні "Аламан бәйге" интелектуалды ойыны өтті. Ойынға Шапық Шөкин атындағы ЖОББМ, Аманжол Шамкенов атындағы ЖОББМ, N39 ЖОББМ, N6 ЖОББМ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖООБМ - нің 2-4 сынып оқушылары қатысты. Сайымызға Педагогикалық шеберлік орталығының бастығы Нұрлан Сағындықұлы келіп, барша көрерменді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды. Сайысымызда  оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрі туралы түсінігін қалыптастыру, түрлі тапсырмалар арқылы өз ойларын жеткізе білуге баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту  басты мақсат болды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: бәйге, көкпар, дода. Барлық сайыстан оқушылар сүрінбей өтті. Сайыс соңында ой-өрісі кең, тапқыр, ізденімпаз оқушыларымыз мақтау-марапатқа ие болды.