2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер (математика және физика) бойынша республикалық олимпиада өтті.
2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер (математика және физика) бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға республиканың түкпір-түкпірінен 329 оқушы қатысты. Павлодар облысы атынан 13 оқушы қатысты, олардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы - Абишев Нариман.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Абишев Нариман Құрмет грамотасымен марапатталды.
Нариманды құттықтаймыз және табыс тілейміз!