Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар
Павлодар қаласының барлық жалпы орта білім мектептерінде 2018 жылдың сәуірдің 6-ы күні өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - өрт қаупі немесе кез-келген төтенше жағдай жағдайында оқушылар мен қызметкерлердің әрекеттері мен мінез-құлық дағдыларын дамыту.
№34 ЖОМ төтенше және жергілікті полиция қызметтері мамандарының қатысуымен оқу-жаттығу сабағын өткізу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау жүргізілді. Ғимарат ішіндегі барлық оқушылар мен қызметкерлер толық көлемде эвакуацияланды. Эвакуация уақыты 2 минут 58 секундты құрады.
Жалпы орта білім беру мектептерінен оқушылар мен қызметркелерді эвакуациялаудың бірыңғай күні аясында, өрт қаупі төнген жағдайда, № 34 ЖОМ өрт техникалық көрмесі мен төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Эвакуациядан кейін оқушылар қаланың жергілікті полиция қызметі мен өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік алды.
«Хабар» республикалық телеарнасының корреспонденттеріне берген сұхбатында оқушылар төтенше жағдайлардағы әрекеттер туралы білімдерін көрсетті. Олардың барлығы, бастысы – үрейдің жоқтығы, барлық қажетті іс-әрекеттердің орындалуындағы айқындылықтың болуы және, әрине, олардың өмірі мен басқа адамдардың өмірі үшін жауапкершілік екенін атап өтті.