2018 жылғы 29-шы қазан күні "Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі" ММ, «Қорғаншы күні» өтті. Осы күннің аясында, балалық шақты қорғау бойынша инспектор Б.М. Тизикпаева, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп психологі О.В. Новая «Отбасылық ахуалдың баланың дамуына ықпалы» тақырыбында, қорғаншыларға сауалнама жүргізді. Дөңгелек үстел өткізілді, оның қатысушылары қорғаншылар болды. Дөңгелек үстел барысында олар отбасылық дәстүрлері жайында әңгіме қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті, пікірлерін білдірді.
Мектеп әкімшілігінен қорғаншыларға алғыс хаттар табысталды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, қорғаншылар мектептен көтеріңкі көңілмен, жігермен, өздерінің қамқоршыларын тәрбиелеуде жалғыз емес екендігіне, сеніммен шықты.
«Қорғаншы күні»