«4-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындауды ұйымдастыруда жүйелік тәсіл» тақырыбында семинар-практикум
![«4-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындауды ұйымдастыруда жүйелік тәсіл» тақырыбында семинар-практикум](/media/img/blogs/5c5e46da386ba.jpg)
2019 жылғы 8 ақпан күні № 34 ЖОМ ММ-де «4-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындауды ұйымдастыруда жүйелік тәсіл» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының ОЖСБ-ға дайындаудың жүйелік тәсілдерін қарастыру. Бастауыш сынып мұғалімі И.Н. Сидоровамен қала мұғалімдерінің назарына, оқушылармен жұмыс жасау жүйесі ұсынылды. Жұмыс тәжірибесінен оқу материалын есте сақтаудың тиімді әдістері көрсетілді. Іс-жүзінде мұғалімдер оқу материалдарын қаншалықты тез есте сақтап алу мүмкіндігін көре алды. Бастауыш сынып мұғалімі Е.Н. Кутепова оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау кезінде цифрлық ресурстарды практикада қалай қолдану керек екенін көрсетті.