Сараптамалық кеңес
23 қыркүйек күні Достық үйінде сараптамалық кеңес өтті.
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы, Павлодар облысының әскери-патриоттық тәрбие беру қауымдастығы және Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасы.
Сараптамалық кеңестің бағдарламасы:
1. «Халық қаһарманы», армия генералы, «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы М.Алтынбаевтың қатысушыларға арналған сәлемхатын жеткізу;
2. Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомат Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және Павлодар облысының әскери-патриоттық жұмыстарының негізгі бағыттарын түсіндіру;
3. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы ақпарат;
4. «Павлодардан Жеңіске дейін» атты автожарыс және жастар көшбасшыларының қатысуымен 2020 жылғы автожарысқа дайындық туралы. Павлодар облысы ҚХА жастар қанаты жанындағы «AIBYN» әскери-патриоттық клубына естелікке сыйлықтар тарту ету;
5. Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша Қарардың қабылдануы.