Облыстың 3772 он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
«Birgemiz: Түлек – 2020» бітіру кеші 3-4 маусым күні облыстың 357 жалпы орта білім беру мектептерінде өтеді. Іс-шараның тұжырымдамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірледі.
Жаңа формат бойынша бітіру кеші мен соңғы қоңырау салтанатты іс-шаралары бір күнге біріктірілді. Іс-шаралар далада өтеді. Түлектер сәнді киімдерден бас тартып, мерекеге әртістерді шақырмады. Іс-шараға қатысуға он бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына, оқушылардың өздеріне және мұғалімдерге ғана рұқсат етілді.
- Бүгін біз үшін өте маңызды күн, өйткені он бір оқу жылы артта қалды. Берілген білім үшін біз мұғалімдерімізге және мектепке алғыс білдіреміз. Бұл соңғы қоңырау алдыңғылардан ерекшеленеді, өйткені ол біз үшін әдеттегіден басқа режимде өтеді. Меніңше, бітіру кеші мен соңғы қоңырау әр түрлі күндерде болған жақсы. Бұл екі бөлек мереке, - деп бөлісті № 34 орта мектебінің түлегі Юлия Загорская. - Біздің бітіру кешіне басқа жоспарымыз бар еді, бірақ та қоштасуға мүмкіндік бар екеніне қуаныштымыз. Наурыз айында оқығанда, бұл соңғы оқу күндері деп күткен емеспіз. Сәуір-мамыр айларына ораламыз деп ойладық. Бірақ олай болған жоқ.