Қазақ тілі апталығына орай 4- сыныптардың арасында «Тіл- таусылмас байлығым» викториналық ойын өткізілді.
Шараның мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Сайыс 5 аялдамадан тұрды:
I «Сәлем - сөздің басы»Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырды.
II « Кім жылдам?» аялдамасында балалар берілген әріптерден жылдам сөздерді құрастырды.
III «Тапқыр болсаң - тауып көр»Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналды. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылды.
IV «Сиқырлы сөз»Екі топқа бір сөзден берілді. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін өрбітіп құрастырды.
V «Мақал-мәтелдер» айтып көр! Бұл соңғы кезеңде балалар білетін мақал-мәтелдерін айтулары қажет еді.
Балалар ойынға белсенді және қызыға қатысты. Олар өзөнерлерін, тіл байлығын және өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін көрсете білді.