Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тіл- таусылмас байлығым»
16-04-2021 15:22
«Тіл- таусылмас байлығым»

Қазақ тілі апталығына орай 4- сыныптардың арасында «Тіл- таусылмас байлығым» викториналық ойын өткізілді.

Шараның мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Сайыс 5 аялдамадан тұрды:
I  «Сәлем - сөздің басы»Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырды.
II « Кім жылдам?» аялдамасында балалар берілген әріптерден жылдам сөздерді құрастырды.
III «Тапқыр болсаң - тауып көр»Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналды. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылды.
IV «Сиқырлы сөз»Екі топқа бір сөзден берілді. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін өрбітіп құрастырды.

V «Мақал-мәтелдер» айтып көр!  Бұл соңғы кезеңде балалар білетін мақал-мәтелдерін айтулары қажет еді.

Балалар ойынға белсенді және қызыға қатысты. Олар  өзөнерлерін, тіл байлығын және өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін көрсете білді.