16.04.2021 жылы № 43 мектепте қазақ тілі апталығына байланысты 1- сыныптарда «Тіл тірегіміз - соғып тұрған жүрегіміз» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Мақсаты: Қазақ тіліне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шара Жидкевич Александрдың домбырада қазақ халқының әндерін орындауымен басталды, сайыс барысында Долголевец Марьям Абайдың өлеңдерін оқыды. Интербелсенді тақта арқылы достық туралы бейне ролик көрсетілді. Оқушылар «Ойлы болсаң озып көр» , «Мың бір мақал», «Полиглот», «Пазл» құрастыру деген сайыстарға түсті. Зергерлік сайыс барысында оқушылардың белсендіктері жоғары деңгейде болды, олар сайыс тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. Олар «Полиглот»сайысының барысында сөздерді ағылшын, орыс, неміс, украин және қазақ тіліне аударып айтты.