Бүгін қазақ тілі апталығына байланысты 3-сыныптар арасында«Атадан қалған асыл сөз» атты зияткерлік сайыс шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың аталы сөздер арқылы рухани байлығын, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін, сөздік қорын дамыту, ұлттық дүниетаным, достығымыздың негіздерін қалыптастыру;
Шара барысында оқушылар: Нақылдар, ырым - тыйым сөздер, мақал - мәтелдер, өтірік өлеңдер, көркем сөздер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздермен танысты.
Оқушылар екі топқа бөлініп сайысты. Сайыстың кезеідерінің атаулары: І.«Бәйге.ІІ. «Мақал - сөздің мәйегі». ІІІ. «Кім көп біледі?».ІҮ. «Білгенге маржан»Ү. «Ойлан, тап
Оқушылар мынадай қорытынды жасады
Атадан қалған асыл сөздер - біздің өмір серігіміз, ақыл - кеңесшіміз. Ол сөздер ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Шара Абай атамыздың өсиетті сөздерімен аяқталды «Ғылым таппай мақтанба»өлеңін тыңдады.
Балар шараға белсенді қатысты, оларға шара ұнады, олар білгендерін айтуға асықты. Сайыстың жеңімпаздары анықтылды және марапатталды.