Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Қанатты достар"
24-02-2012 07:49

 

"Қанатты достар" облыстық акция шеңберінде №43 ЖОМ-да "Ұяшық" және "Жомарт ақыр" акциясы өтті.

Оқушылар арасында акцияның мәні, қыс мезгілінде қыстайтын құстардың өмір сүру қиындығы, облыс экологиясын қалпына келтіруде құстардың ролі туралы түсіндірмелі жұмыстар өткізілді.

1-10 сынып оқушылары «қыс мезгілінде құстарды тамақтандыру» 1 кезеңіне белсене қатысты. Олардың өздері жасап дайындаған құсқа жем салатын ақырлары, ұялары мектеп территориясына ілінді.

Балалар үнемі жем салатын ақырларды аңдып, түрлі азықтарды (жарма, ұнтақ, дән) алып келіп отырды.  

Қыстайтын құстарды тамақтандыруға шақырумен үгіт қағаздары шығарылып, мекемеде және қоғамдық орындарға ілінді (мектептің фойесінде, подъездерде, аялдамалардың жанындағы хабарландыру тақтасында).